Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары мақұлданды. Құжат 10 бағыт бойынша 65 іс-шараны қамтиды және экономикада цифрлық активтерді қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Кешенді шараларды жүзеге асыру инвестициялық тартымдылықты арттыруға және цифрлық активтердің заманауи, бәсекеге қабілетті саласын қалыптастыруға ықпал етеді.
«Ұлттық банк мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мемлекет басшысының цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі Жарлығында белгіленген шаралардың уақтылы әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін әрбір басшының дербес жауапкершілігі көзделген. Осыған баса назар аударамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қазақстан Үкіметі Цифрлық активтер саласын дамыту жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын мақұлдады