5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

КҮНДІЗГІ РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаз мезгілінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген орындарда шомылудың алдын алу және оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында Шардара ауданында түсіндіру және бақылау шаралары жүйелі түрде жалғасуда.

Осыған орай, аудан аумағындағы Ақшеңгелді ауылдық округінде өзен, көлдер мен тоғандарда күндізгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Рейд барысында тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтау, балаларды қараусыз қалдырмау және арнайы белгіленбеген орындарда шомылуға тыйым салынатыны жөнінде кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жергілікті әкімдік және құқық қорғау органдарының өкілдері тартылып, қауіпсіздікке қатысты талаптар кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, су айдындары маңында орналасқан демалыс орындарының иелеріне де тиісті ескерту жұмыстары жүргізіліп, жауапкершілікті арттыру қажеттігі айтылды.

Құрметті тұрғындар!
Су айдындарында демалу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтап, өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Қауіпсіздік талаптарын бұзу — әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *