Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде инвестициялық саясатты кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылғы желтоқсанда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы қабылданып, «Бәйтерек» холдингі ұлттық инвестициялық холдинг болып қайта құрылды. Жаңа модель жеке және шетелдік капиталды тартуға, отандық өндірісті, инфрақұрылымды, технологияларды және шикізаттық емес экспортты дамытуға бағытталған. 2029 жылға дейін холдинг құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр,
Капитал тарту тәсілдері де жетілдірілуде. Мемлекет инвесторларды белсенді іздеу және нысаналы түрде тарту моделіне көшуде. Мәселен, өңірлер басым салалық бағыттарды айқындап, алдын ала пысықталған инвестициялық ұсыныстар әзірлейді
2029 жылға дейін «Бәйтерек» холдингі құралдары арқылы қосымша $150 млрд инвестиция тарту жоспарланып отыр