5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Қауіпсіз жол: ІІМ жүргізушілерді ЖЖҚ сақтауға шақырады

11-16 шілде аралығында еліміздің аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін арттыру мақсатында “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Жаз мезгілінде жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын апаттардың алдын алу мақсатында 11-16 шілде аралығында елімізде “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жолдағы бақылау күшейтіліп, автопатрульдер саны артты. Полиция нарядтары жолда жүру қағидаларын бұзушылықтың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған жұмыстарды жүргізуде. Іс-шараның алғашқы үш күнінде жол жүрісі қағидаларын бұзудың 22,5 мыңнан астам дерегі анықталды. Оның ішінде: көлік құралын мас күйде басқарудың 300-ден астам дерегі; жолдың қарсы жолағына шығудың 260 дерегі; жолаушыларды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзудың 854 дерегі; жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 139 дерегі, оның ішінде 60-тан астамы такси қызметі саласында анықталды. Арнайы тұрақтарға 1,5 мыңнан астам көлік құралы қойылды. Полиция барлық жол жүрісіне қатысушыларды жолда жүру қағидаларын қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігіне байланысты екенін есте ұстауға шақырады, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qauipsiz-zhol-iim-zhurgizushilerdi-zhzhq-saqtaugha-shaqyrady/

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *