4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Спорт

Қазақтар ашулы: Азия чемпионатында жас боксшылар нокаутпен жеңіп жатыр

Бокстан Дубайда өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақ елінің жас боксшылары өте жақсы өнер көрсетіп жатыр. Ағаларының Токиодағы сәтсіздігі «ашуландырған» болу керек, жас өрендеріміз  нокаутпен жеңуді әдетке айналдырды десе болады.

Дубай төрінде 57 келіде Бахтияр Анарбаев Ирак өкілі Хуссейн Джассимді техникалық нокаутпен ұтса, 54 келіде сынға түскен Адайбек Ниязбай да қарсыласын мерзімінен бұрын еліне қайтарды. Ол сириялық Мұхаммедтен басым түсті. Сонымен бірге 50 келіде Илья Калинин ирактық Махди Махмудты техникалық нокаутпен жеңді. 48 келіде Санжар Тәшкенбай тәжік өрені Мехродж Зоидовтың мұрнын сындырып, жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Тағы бір отандасымыз Дамир Дайпақов қырғыз Бекзат Ергешовты жеңді.

Қазақстанда бокс бар, ізбасарлар бар. Енді осы талантты жастарды олимп биігіне шығаратын жүйе мен қолдау қажет.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *