4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Спорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

 

✔️1-9 мамыр аралығында Алматы облысындағы «Қапшағай» су қоймасында желкенді спорттан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа Алматы, Қарағанды, Түркістан, Жетісу облыстарынан және Алматы мен Қонаев қалаларынан 70 үздік спортшы қатысты. Олар «Финн», «470», «Луч», «Луч-2», «Луч-радиал», «Луч-мини», «Лазер», «Оптимист», «Кадет» сайыстарында бақ сынасты.

✔️Түркістан облыстық су спорты түрлері мектебінің тәрбиеленушілері негізгі қарсыласы – Алматы облысының спортшыларын артқа тастап, жалпы командалық есепте жеңіске жетті. Түркістан облысының қоржынына 17 медаль түсті: 9 алтын, 5 күміс және 3 қола.

✔️Атап айтсақ, Александр Вакуленко, Жанель Абдужалал, Бағдәулет Шакизада, Анатолий Чуриков, Марк Ринк, Тимур Джангазов, Занғар Абдурахман, Кристина Малахова және Полина Коваленко өз сайыстары бойынша чемпион атанды

✔️Осылайша, желкенді спорт шеберлері маусымның 2-8 аралығында Қытайдың Циньхуандао қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Облыстың аға жаттықтырушысы Илья Данилов бастаған бапкерлік құрам Занғар Абдурахман мен Азамат Қалдарбековты сайыстың ILCA 6 және ILCA 7 олимпиадалық түрлері бойынша жарысқа қосуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *