6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Қазақстандағы “қант дауынан” кейін тағайындалған Серік Жұманғарин шәйді тосаппен ішетінін мойындады

Еліміздегі “қант дауынан” кейін Бақыт Сұлтановтың орнына тағайындалған Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин шайды қантсыз, алайда тосаппен ішетінін мойындады. Сондай-ақ жаңа министр аумақтағы мәселелерді шешу үшін өзіне үш апта уақыт қажет екенін айтты, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Бір кездері мен кеңес армиясында қызмет еттім, онда бізге қант бермейтін. Мен қантсыз қара шай ішемін, әрине, тосаппен”, – деді Жұманғарин сейсенбіде үкімет дәлізінде журналистердің сауалына жауап беріп.

Министр қант өсімінің мәселелерін шешудің өзіндік кейбір әдістерін жоспарлап отыр ма, әлде ескі жолмен жүреді ме деген сұраққа ол барлық мәселенің шешімі бар екенін айтты.

“Біз айда өмір сүріп жатқан жоқпыз, басқа елдер қант өндіреді, сондықтан қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі қант өнеркәсібін дамытудың жоспарын әзірлеп жатыр. Бұл дұрыс қадам, шынымды айтсам, әлі толық оқып шыққан жоқпын, бірақ таяу арада үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігінің отырысында бекітіледі деп ойлаймын. Қанттың әлемдік бағасына тәуелді болмас үшін қант қызылшасын өзіміз өндіруіміз керек. Бәлкім, бұл өзіміздің қызылшадан қымбат болар, қалай дегенмен де бұл өзімізде болады. Халықты толық қамтамасыз ету үшін бізде қант зауыттарының қуаты жеткілікті. Бірақ шикізат жетіспейді, шикізатты Латын Америкасы мен Үндістаннан алып жатырмыз. Қазір біз зауыттарға Латын Америкасының қант қамысы өндірушілерімен ұзақ мерзімді байланыс орнату үшін бастапқыда айналым қаражатын беру туралы айтып отырмыз, бұл енді алаңдаушылық болмауы үшін жасалады. Менің бүгінгі міндетім – кейбір оқиғалардың неліктен орын алғанын және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алудың жолын табу”, – деді Жұманғарин.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *