6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Uncategorized

Түркістан тұрғыны 15 млн тұратын асыл тұқымды қошқар санын көбейтпек

Бәйдібек ауданының тұрғыны 15 млн теңге тұратын асыл тұқымды қошқар өсіруді қолға алды, деп хабарлайды Turkistanzaman ҚазАқпарат сілтеме жасап.

Бәйдібек ауданы Шаян ауылында тұратын шаруа Аманнулла Айтаханов асыл тұқымды «гиссар» қойын өсірумен айналысады. Қылшық жүнді, құйрықты қойлардың еті майлы әрі дәмді келеді. Бағасы да қазақы қойдан қымбат. Мәселен, салмағы 180-190 келі тартатын қошқардың құны 10-15 млн теңгеге дейін барады.

«Өткен жылы сарыағаштық Қуаныш Мықтыбаев есімді азамат «каштан» қошқарын 40 мың долларға сатып алды. Бойы бір метрден асатын қошқардың салмағы 176 келі болды. «Каштанның» қозысы кемі 1 млн теңгеден жоғары бағаланады», – дейді шаруа.

Қазір Аманулла Құрманжанұлының қорасында сол «каштан» тұқымды қошқардың қозысы өсіп жатыр. Оған да қызығушылық танытып, сатуға қолқа салғандар болыпты. Тіпті, қомақты қаржы да ұсынған.

«15 млн теңгеге бермедім. Себебі, өзіме қажет. Қойларға қосып, тұқымын алып, көбейтемін», – дейді ол.

Жалпы, Айтахановтар отбасы бұрыннан мал шаруашылығымен айналысады. Кеңес үкіметі кезінде әкесі Құрманжан колхоздың қойын баққан. Ал, ел тәуелсіздігін алған соң, жеке шаруашылық болып бөлінген. Қазіргі кезде шаруашылықта 1 500-ге жуық асыл тұқымды «гиссар» қойы бар. Одан бөлек, 150-дей жылқы мен 40-қа жуық сиыр өсіріп отыр.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *