5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Денсаулық

Түркістанда кенеден келетін кесел өршіп тұр

Түркістан облысында кенеден келетін кесел өршіп тұр, – деп хабарлайды Turkistan24.

Бүгінде аймақта 11 адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды. Жауапты сала мамандарының сөзінше өңірдегі малдың миграциясы өте жоғары. Соның салдарынан экзотты кенелердің түрлері де жылдан жылға өсіп жатқан көрінеді.

Сондықтан, мамандар тұрғындарды далалық жерде сақ болып, кене шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгінуді сұрайды.

Айта кетерлігі, көктемгі кезеңде Түркістан облысында аталған кеселге қарсы 1,4 млн бас ірі мал мен 4,5 млн бас ұсақ мал залалсыздандырылған. Алайда халықтың біраз бөлігі белгілі бір себептерге байланысты қорасында тұрған малдың санын жасырып қалуда. Сондай-ақ мамандардың айтуынша Түркістан облысындағы мал саны статитистикалық мәліметтерде дұрыс көрсетілмеген. Салдарынан барлық малды залалсыздандыру мүмкін болмай отырған көрінеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *