Түлкібас өнеркәсіп өнімдері бойынша көш бастап тұр

 

Жыл басынан бері Түлкібастағы кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 6 млрд. 382 миллион теңгеге жетіп, нақты көлем индексі  былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,3%-ды құрады. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі – 3 млрд. 560  млн. теңге.

Жоспарға сәйкес ауданда 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріледі деп жоспарлануда. Бұл сала бойынша Түлкібас ауданы облыста 1-орында тұр. Қазіргі таңда ауданда 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Атап айтсақ, кен өңдеу өнеркәсіп орны, тамақ өнеркәсібі және бірқатар құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындар жұмыс жасауда.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *