4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры
Экономика

Қазынадан тағы 250 миллион теңге жымқырды

      Ауыл шаруашылығындағы субсидияның салы суға кетті. Бұл жолы мемлекетке  250 миллион теңгеге шығын келтірілген. Түркістан облысының шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қараны алуға  380 млн теңгеге несие рәсімдеген.

Бұл жайт Қаржылық мониторинг агенттігі «Қазына» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталды. Осылайша «Сыбаға» бағдарламасынан бөлінген қаражаттың талан-таражын шығарды.  Корпорацияда Ресейден ерекше түлікті алдық деп жалған құжат әзірлеген.

 Гауһар Сапарбаева, қаржы агенттігінің ресми өкілі:

«Бұл ретте, 585 бас ІҚМ нақты сатып алынған жоқ, жануарларды есепке алу дерекқорына жалған мәліметтер енгізілді. Нәтижесінде 250 миллион теңге жымқырылған және мақсатқа сай пайдаланылмаған. Р. Пайсханов 6 жылға, Е. Күзенбаев 5 жылға бас бостандығынан айырылды».

Еске салсақ, өткен айдың басында ғана дәл осы “Сыбағадан” сыбағасынан айрылғандар анықталған еді. Қалтасын оңай жолмен қампайтқысы келген 8 шаруа иесі құрықталған. Олар бюждеттің  380 миллион теңгесін талан-таражға салған. Ал қарастырылған несиенің жалпы  сомасы 1 миллиард  теңгеден  асады. Күдікті ретінде Кентау мен Түркістан қаласының агроөнеркәсіп иелері тергеуде

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *