4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Кентау: Сенат депутаттары жұмыс сапарымен келді

Құрамында Әли Бектаев  және Әлімжан Құртаев бар Парламент Сенатының депутаттары Кентау қаласында болып, қала активімен кездесті.

Кездесу барысында халық қалаулылары баяндама жасап, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында атқарылған жұмыстар бойынша кең көлемді мәлімет берді. Қаралған және қабылдаған заңдар туралы айтып өтті.

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев өңірден сайланған Парламент Сенаты депутаттарының облыстың дамуына қосып отырған үлесінің көптігін жеткізіп, көпшілік атынан алғыс айтты.

Кездесуде қалалық мәслихат депутаттары ауыз су, жайылымдық жер мәселелерін көтерді. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарға қала әкімі Дәурен Махажанов жауап беріп, жоспарлармен таныстырды.

Мұнан соң, сенаторлар индустриалды аймақта орналасқан «АБН альянс» полиэтилен құбырларын шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінде мұнда жиырмаға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған. Ауыз су мен кәріз жүйесіне арналған құбырлар ел аумағына экспортталып жатыр.

– Кентау – облыс орталығы Түркістанның қасында орналасқан. Арасы өте жақын. Болашақта Түркістан мәдени-рухани тұрғыдан дамитын болса, қасындағы Кентау өндірістік бағытта қанат жаюы қажет. Яғни, екі қала біргелікті дамитын болады. Халқы да бір-біріне барып келіп жұмыс істеуге де мүмкіндік мол – деді Әли Әбдікәрімұлы.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *