6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Қоғам

Полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды

Атыраулық полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ оймен түн ішінде көпірден секірмекші болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 21 тамыз түнгі сағат 02:45 шамасында 102 операторына Атырау қаласындағы “Жұмыскер – Балықшы” көпірінің үстінде белгісіз адам суға секірмекші деген хабарлама түсті. ЖБО-ның қызметкерлері навигатор радиоқабылдағыш арқылы дереу жақын арадағы экипаждарға бағыттама берген. Жақын маңда жүрген Батыс-24 экипажының қызметкерлері полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов оқиға орнына дереу жетіп, өз-өзіне қол жұмсамақ ниетте көпірден секірмекші болған Атырау қаласының 1989 жылы туған тұрғынын анықтады.

Жедел әрекет еткен полицейлер төрт минуттық профилактикалық келіссөз жүргізіп, көпірден секірмекші болған азаматты өз еркімен көпірден кері шығуға көндірді. Сараптамаға жеткізілген соң оның “жеңіл дәрежеде” мас екені анықталды

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *