5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Қоғам

Министр елімізде көшеде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният көшелерде түкіруге тыйым салу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды turkistanzaman Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қалай ойлайсыз, көшеде түкіруге тыйым салу керек пе? Мысалы, Еуропада ондай проблема жоқ. Ал бізде аялдамалар мен қоғамдық орындарда түкіріктен аяқ алып жүру қиын”, – деп сұрады журналист.

“Мен қолдаймын. Қоғамдық орындарда түкіруге тыйым салуды толығымен қолдаймын… Бұл мәдениет, бұл гигиенаға және тәрбиеге қайшы. Бәріміз бірге депутаттарға осындай бастама көтеруіміз керек”, – деді министр.

Сондай-ақ ол мұндай бастама заңға енбей тұрып әуелі қоғамда талқылануы керектігін баса айтты.

“Тыйым салу деген сөз, заң тұрғысынан алсақ, салдары жауапқа тарту мәселесін қозғауы мүмкін. Сондықтан әбден пісіріп, қоғам талқысынан өткізу керек деп ойлаймын”, – деді Ажар Ғиният.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *