5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +10°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Денсаулық

Маймыл шешегі Ресейде анықталды

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы расталды. Бұл туралы Роспотребнадзор мәлім етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бұл ауру Еуропа сапарынан оралып, медициналық мекемеге жүгінген жас жігіттен анықталған.

“Науқастан алынған биоматериалдар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды.

Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ”, – делінген хабарламада.
Науқас Ресейге келген соң, шектеулі адамдар тобымен байланыста болғаны атап өтілді.

Маймыл шешегі – вирустық ауру, оның белгілері табиғи шешекпен ауыратын науқастарда байқалған белгілерге ұқсас.

Айта кетейік, маймыл шешегі байланыс және тамшылар арқылы дем шығарғанда берілуі мүмкін. Шешек жұқтырған маймылдардың көпшілігі бірнеше апта ішінде жазылады, бірақ ауру кезеңі 5-тен 21 күнге дейін өзгеруі мүмкін.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *