Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Экономика

Зейнетақы жинағын алу көзден бұлбұл ұшпақ

6 декабря, 2021
in Экономика
0
0
SHARES
53
VIEWS

2022 жылдан бастап зейнетақы жинағын алудың шекті мөлшері екі еседей артады. Яғни жиғаныңызды мақсатты жұмсағыңыз келсе, келесі жылдан бастап ойлап жүрген ақшаңызды ала алмай қалуыңыз әбден мүмкін. Жауаптылар бұл шешімге қатысты түсінік те берді. Айтуларынша, басты себеп әлеуметтік көрсеткіш мөлшерінің ұлғаюы екен. Алайда сарапшылар бұл билік тарапынан қабылданған «ең сәтсіз шешім» деген баға берген.

Зейнетақыға қатысты ақпар желіде желдей ескені сол екен халық дүрліге кетті. Солардың бірі – Гүлмира Жарылқасынқызы. 30 жылға жуық өмірін оқытушы саласына арнаған ол, бұл өзгеріске наразы. Себебі белгіленген қаржыны жинауым үшін 80-ге келгенше еңбек етуім керек пе дейді?

Гүлмира Әзіретбергенова, оқытушы:

«Зейнетақы жинағына жинаған ақшам 5 млнға жетпейді. Ол 2 еселенетін болса 7 млнның үстіне шығады. Ол 10 жылдан кейін инфляция болып тағы да көтеріледі. Былайша айтқанда бұл қарапайым халыққа, орта кірісі бар халыққа бұл ауыр тиеді. Демек, тұрғындардың қолы жете бермейді. Ондай жалақы алатын адам жоқ».

Сарапшы Мақсат Халық билік тарапынан қабылданған заң «ең сәтсіз шешім» дейді. Айтуынша, мемлекет бұл құжатты қабылдарда ешкімнің талқысына салмаған.

Мақсат Халық, сарапшы:

«Бұл мүлдем ешқандай қисынға келмейтін шешім деп есептеймін. Жалақылар өсіп жатыр деген уәжі бар. Бірақ шын мәнінде қарайтын болсақ, ең төменгі жалақының өзі 40 пайыз ғана өскен. Ал қазіргі бұл шектердің өсімі 80 пайыздың үстінде. Яғни 2 есеге өсті деуге негіз бар. Енді осы тұрғыдан қарайтын болсақ, ешқандай қисынға келмейді».

Қордағы артық ақшаны алуға қатысты жаңа заң 2022 жылдан басталады. Жауаптылардың жариялаған мәліметіне сенсек, 20 жастағылар  – 3 млн 140 мың, орда бұзар кезеңде – 4 млн 370 мың қаржыңыз болуы керек. Ал 40 жаста зейнетақы қоры 5 млн 790 мың теңгеге толығуы тиіс. Ал 50-дегілердің қаржы қоры 40 пен салыстырғанда 1 жарым млн.ға жоғары. Зейнет жасындағылар болса, 9 млн 120 мың теңгеге тең.

Қаржыны алуға қатысты ақпарды талдап көрсек. Мәселен, 20 жастағы адамға белгіленген шекті сомма 3 млн 140 мыңға тең. Ол 18 жасынан жұмыс істеді делік. 2 жылда 3 млн теңгеден артық ақша жинау үшін айына 125 мың теңге жіберуі керек. Яғни, оның орташа табысы 1 млн 200 мың теңге болуы тиіс екен.

Tags: БЖЗҚзейнетақысалым
Алдыңғы жаңалық

Ажалын газ баллонынан табатындар азаймай тұр

Келесі жаңалық

Мал дәрігерлік саласы соңғы демін алып жатқандай...

Ұқсас жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

КЕНТАУДА ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫН ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

26 ноября, 2025
Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года
Басты жаңалықтар

Bank of America: Казахстан стал «лучшей инвестиционной ставкой» 2026 года

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ ӨТТІ

26 ноября, 2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗДЕР ЖАЛҒАСУДА

25 ноября, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА «ҰЛЫ ДАЛА ФИЛОСОФИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

5 декабря, 2025

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДАҒЫ 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАҚЫЛАУДА

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛАЛЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

5 декабря, 2025

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

5 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ПЛАСТИК ЫДЫСТАР МЕН ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

4 декабря, 2025

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

3 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

2 декабря, 2025

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

2 декабря, 2025
Келесі жаңалық

Мал дәрігерлік саласы соңғы демін алып жатқандай...

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖЫЛДЫҢ 4 МЕЗГІЛІНДЕ ДЕ ЖАЛҒАСАДЫ»

saqnews.kz
1 декабря, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz