4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қоғам

Мал дәрігерлік саласы соңғы демін алып жатқандай…

40 жылдық тәжірибесі бар мал дәрігерінің жалақысы – 90 мың теңгенің төңірегінде ғана. Бұлай жалғаса берсе, болашақта ветеринар деген мамандық мүлдем қалмауы мүмкін. Бүгін де жағдай оңып тұрған жоқ. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін салада қағазбастылықтан бас көтере алмайсың. Мамандар осылай дейді. Ветеринарлардың мәселесі бүгін Парламенттік тыңдауда талқыланды. 

Ринат Атаевтың мал дәрігері болып жұмыс істеп жүргеніне 40 жылдан асқан. Талай жылдық тәжірибесі бол тұра еңбекақысы небәрі 90 мың теңгеден сәл-ақ асады. Саладағы айлық ақы көтерілмейтін болса болашақта ветеринарлар табылмай қалуы мүмкін дейді маман. Өйткені жастардың бұл кәсіпке келгісі жоқ. Екіншіден қағазбастылық белең алған.

Ринат Атаев, мал дәрігері:

«Негізгі мәселе індетке қарсы малды дәрілеп біткеннен кейін басталады. Бір қорада 1000 қой болса, әрқайсысын сырғасымен бір-бірлеп түсіріп, иесіне қол қойдырып шығамыз. 2 сағат дәрілесек, кешке дейін жаңағы қағазын жазып, 1000 рет қол қойып шығу керек».

Мал дәрігерлерінің мәселесі бүгін Сенат қабырғасында көтерілді. Халық қалаулылары жыл сайын 800-ге жуық ветеринар маман диплом алып шыққанмен 70 пайыздан астамы өзге салаға кетіп қалады екен.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Халықпен жұмыс істеп, малға көмек көрсететін маманның қағазбастылықтан бас көтермейтіні қалай? 771 адам оқуды бітірген, соның 267-і ғана жұмысқа орналасқан. Ветеринарлық бақылау қадағалау қызметінде 309 ваканттық орын бар. Бұл қалай ? Неге бұл мамандықты таңдамайды?»

Жауапты министр де салада қордаланған мәселенің барын жоққа шығармайды. Мамандарды оқыту, оларды жұмысқа орналастыру, жағдайын жасау ісі жүйелі шешімін табу керек деп санайды.Ол үшін үкімет Реформа әзірлеп жатыр екен.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауылшаруашылығы министрі:

«Ветеринария саласында ең алғашқы проблема – қағазбастылық, сосын ветеринар жалақысының төмендігі. 70-100 мың жалақы алатын бұл салаға жастар қалай бармақ? Ең өзекті проблеманы шешу үшін Үкіметпен бір реформаны әзірлеп, талқылап жатырмыз».

Естеріңізге сала кетсек, ветеринарлардың мәселесін алғаш рет ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында қозғаған еді. Тиісінше сала мамандарының жалақысын 2022 жылдан бастап көтеруді тапсырған.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *