5 қараша 2026, бейсенбі ⛅ Түркістан +13°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Қоғам

Еріктілер тазалық қызметкерлеріне алғыстарын айтып, тәтті тағамдар үлестірді

Бүгін, 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Ассамблея жастары» РҚБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен бір топ ерікті жастар облыс орталығындағы тазалық мекемесінің қызметкерлеріне мерекелік көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Белсенді жастар оларға көк туымыз бейнеленген жалаушалар мен ыстық шай, тәтті нандар ұсынды.

Ерікті жастар қала тазалығына жауапты қызметкерлерге көмектесу үлкен мәртебе екенін айтады. Бұл ретте, «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» деген тәмсіл жастардың басты ұстанымы.

Коммуналдық мекеменің мамандары да еріктілердің игі қадамына рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғасады. Осы орайда, жастар қаланың белсенді азаматтарын қатарларына қосылуға шақырады.

Сондай-ақ, ерікті топ мүшелері тұрғындарды қала тазалығын сақтауға үндейді. Себебі, «Таза қала – қоғамның айнасы» екенін ескерген жөн. Туған қаламызға жанашырлық танытып, нағыз еңбек адамдарының бейнетін бағалағанымыз абзал.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *