6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Қоғам

Елордалық азамат мешітте ұрлық жасаған

Нұр-Сұлтанда мешіттің кіреберісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреден ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 32 жастағы адам ұсталды, деп хабарлайды turkistanzaman KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында анықталғандай, ер адам сағат 23.00 шамасында Тәуелсіздік даңғылы бойынша мешітке келген. Мешіттің кіреберісінде келушілердің жеке заттарын қалдыруға арналған сөреде “Samsung” маркалы ұялы телефоны жатқанын байқап, оны жасырын ұрлап алып, бой тасалаған. Полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірілген материалдық шығын 100 мың теңгені құрайтынын атап өткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған азамат кінәсін мойындаған, заттай дәлелдеме тәркіленген. Полиция оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде. Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азматтарға сақ болуды және құнды заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *