6 қараша 2026, жұма ☀️ Түркістан +10°C
  • USD 451,87
  • EUR 507,31
  • CNY 67,77
  • RUB 5,53
Жедел
ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ӘУЕ ҚОРҒАНЫСЫ КҮШТЕРІНІҢ ӘСКЕРИ ИНСТИТУТЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ ЦИФРЛЫҚ ТҮРКІСТАН: ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ӨҢІР ДАМУЫНА ЖОЛ АШАДЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка
Қоғам

Елде 675,7 мың тонна картоп жиналды

Биыл отандық дихандар 675 мың тоннадан астам картоп жинады. Өнімділік орташа есеппен гектарына 203 центнерден шығып жатыр, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.

Былтыр гектарына 166 центнерден келген. Биыл диқандар сапалы тұқым қолданып, тыңайтқышты уақытылы септі. Арамшөп пен аурулар, зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуді де дер кезінде жүргізген. Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстан ішкі нарықты картоппен толық қамтитындай өнім жинайды. Алайда оны жыл бой сақтайтын қойма жоқ. Сондықтан маусымдық тапшылық кезінде сырт елден импорттауға тура келеді.

Биыл картоптың бағасы диқандар үшін қолайлы болды. Сондықтан көбі экспорттамай ішкі нарыққа сатты. Оның үстіне қажет кезде жауапты министрлік ретінде экспортқа шектеу енгіздік. Былтыр Сарыағашта ерте аяз түсіп, қазан ұрып кеткен болатын. Биыл ауа райы да қолайлы болды. Қазір мемлекет қолдауымен картоп сақтайтын қоймаларды көптеп салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы жұмыс нәтижелі аяқталса, біз ішкі нарықтан артылғанын ғана экспорттаймыз., – дейді ҚР АШМ егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов.

«Хабар 24» өңірлерде картоптың қанша тұратынын салыстырған. Бұл статистикалық мәлімет емес. Сонымен картоп ең арзан өңір Павлодарда келісі 130 теңге шамасында. Қарағандыда 145-тен. Елорда дүкендерінде 160 теңгеден. Ал Алматыда 20 теңгеге қымбат. Орал мен Түркістан жұрты бір келі картопты 200 теңгеден алады. Шымкентте 230-дан. Ел бойынша ең қымбат картоп Семей мен Петропавлда. Мұнда бір келі картоп 250 теңге екен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *