Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Денсаулық

Ветеринарлар жаяу жүрмейтін болды

1 октября, 2021
in Денсаулық, Қоғам
0
0
SHARES
26
VIEWS

бюджеттен қосымша 352 млн. теңге қаржы бөлінді

Мемлекет басшысы өзінің биылғы жолдауда ветеринарлардың жалақысын көтеріп, оларды жаңа жабдықтармен  қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын салуға жеке инвесторлар тартуды жүктеген. Жолдауда көрсетілген басым бағыттар Түркістан облысында жүзеге асып келеді. Ветеринарларға автокөліктер  беріліп, жеке қаржыға клиника салынып жатыр.

Түркістан облысында 1700 ветеринар еңбек етеді. Биыл жалақысы төмен болса да, иығына артылатын міндеті ауыр мамандық иелерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында бюджеттен қосымша 352 млн. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға  16 биопрепараттарды сақтауға арналған камералық тоңазытқыш, 178  витриналық тоңазытқыш,  814 термочемодан және 390 компьютер алынды. Енді  облыстағы 16 ауданға автомобиль берілді. Сонымен қатар облыста «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорыны құрылды.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:

«Ветеринария мамандары бұрындары 60 мың теңге төңірегінде айлық алып келсе, ветврачтар жалақысы қазіргі таңда 1,5 есеге дейін өсіп, 90-100 мың теңгеге дейін жыл 12 ай тоқтаусыз айлық алуға жағдай жасап отырмыз».

 Сайрам ауданында 21 мың бас малды семіртуге арналған алаң салынып жатыр. Қайнарбұлақтағы нысанның аумағы 76 гектар. Сондай-ақ Түркістан облысында балаларға арналған жаялықтар шығаратын зауыт та іске қосылды. Қазақ және түрік бірлескен кәсіпорыны жылына 100 млн. дана  жөргек шығарады. Өндіріс орнында 60 жаңа жұмыс орны ашылды. Жоба құны — 3 млрд. теңге. Одан бөлек Қарабұлақ ауылында медицина-сауықтыру орталығы ашылды. Жеке кәсіпкердің қаржысына салынған орталық 70 төсек-орынға лайықталған.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

 «Медицина саласына тартылған инвестиция көлемі күн санап артуда. Жекеменшік клиникалар Ордабасы ауданында, Кентауда, Шардара ауданында салынып жатыр. Медицина саласын дамытуға жан-жақты күш салынады».

 Президент жолдауында көрсетілген мәселелер Түркістан облысында осындай нақты жұмыстармен шешімін тауып келеді.

Tags: автокөлікветеринаржолдауСайрам ауданыҚ.Тоқаев
Алдыңғы жаңалық

Түркістан ұлттық санақтан көш бастап тұр

Келесі жаңалық

Келесте "Оңтүстік Қазақстан" газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр

Ұқсас жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры
Басты жаңалықтар

Ынтымақ пен Бірлік – Қоғамның Берік Тұғыры

5 сентября, 2025
Бірлік – Қазақстанның басты байлығы
Басты жаңалықтар

Бірлік – Қазақстанның басты байлығы

4 сентября, 2025
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ
Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕРІ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЕКІ ЖАҢА МЕКТЕП АШЫЛДЫ

1 сентября, 2025
Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі
Басты жаңалықтар

Бірлік пен келісім – тұрақты дамудың негізі

29 августа, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

11 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА ҚҰС ЕТІ ӨНДІРЕТІН ФАБРИКАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАНДА «АҚ БИДАЙ» АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

10 октября, 2025

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

10 октября, 2025

ДЕПУТАТТАР АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫС БІРІНШІЛІГІ ӨТТІ

10 октября, 2025

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ V МАУСЫМЫ «БЕКЗАТ» ҚОЙЫЛЫМЫМЕН АШЫЛДЫ

10 октября, 2025
Келесі жаңалық

Келесте "Оңтүстік Қазақстан" газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА 89 УЧАСКЕ ТАҢҒЫ 7.00-ДЕ АШЫЛДЫ

saqnews.kz
5 октября, 2025
0

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА RC COLA БРЕНДІМЕН «BEIBARS BOTTLERS» СУСЫН ӨНДІРЕТІН ЗАМАНАУИ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

saqnews.kz
10 октября, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz