4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Түркістан ұлттық санақтан көш бастап тұр

1 қыркүйектен бері елімізде sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағы өтуде. Бір айда Түркістан облысы бойынша 865 824 тұрғын өз дерегін тіркеп үлгерген. Нәтижесінде, өңір электронды санақ бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді.

Облыс әкімінің орынбасары бүгін үй-үйді аралап офлайн санақ жүргізу басталғанын айтты.

«Санақтың екінші, дәстүрлі әдісі сұхбатшылармен жаппай аралау арқылы онлайн режимде санақтан өтпеген тұрғындар арасында 1-30 қазан аралығында өткізілмек.  Бұл кезеңде 350 нұсқаушы-бақылаушы және 2385 сұхбатшы жұмысқа тартылады. Үйлерді аралауға шығатын интервьюерде планшеті мен санақ куәлігі бар бейджигі, санақ логотипі бар шарф, көк сөмкесі болады».

Халықты толық есепке алуды және халық санағын жүргізу кезінде деректер сапасының анықтығын тексеруді қамтамасыз ету мақсатында 1-10 қараша аралығында бақылау іс-шаралары жүргізіледі.

Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бағлан Абайбекұлының айтуынша, санақ аяқталған соң статистика органдары базадағы деректерді өңдейді. Ұлттық халық санағының қорытындысы 2022-2023 жылдары жарияланады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *