4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте «ХАЛЫҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС» – ӘРБІР ӨҢІРДІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН СУ ҮНЕМДЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК ИНВЕСТИЦИЯ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН АРТТЫРАТЫН ҚОЗҒАУШЫ КҮШ
Қазақстан

Келесте “Оңтүстік Қазақстан” газетінің дәстүрлі турнирі өтіп жатыр

Келес ауданындағы Орталық стадионда «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесінен арналған қазақ күресінен дәстүрлі турнир өтуде.  Осымен 58-рет ұйымдастырылған жарысқа 17 командадан 120 балуан қатысып жатыр. Олар 6 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар 90 және 90 келіден оғары салмақтағы  спортшы «түйе балуан» атағы үшін таласатын болады.

– Бұл айтулы жарыс талай-талай буынды спортқа баулып, бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып келеді. Кезінде бұл жарысты оңтүстік өңіріндегі «кіші әлем чемпионаты» деп те атаған. Қазақ күресінен жарыстар сирек өтетін. Сол кездері еліміздің түкпір-түкіпірінен мықты балуандар қатысатын. Қазір де жарыстың маңызы жоғалған жоқ. Ұлттық спортты ел арасында насихаттауда қара шаңырақ басылым «Оңтүстік Қазақстан» газетінің сіңірген еңбегі зор, – деп атап өтті Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев.

Әр салмақ дәрежесінде сынға түскен балуандар жарыс көрігін қыздыруда. Спортшылар да, жанкүйерлер де асыға күткен «Түйе балуан» бәсекесі де тартысқа толы болады.

Айта кетейік, турнирдің “Түйе балуаны” атанған спортшыға “Nexiа” автокөлігі беріледі.

 

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *