4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +12°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Экономика

“Биг Мак” индексі: доллар 159 теңге болуы тиіс

Сарапшылар Қазақстан үшін “Биг Мак” индексін есептеп, ұлттық валюта айтарлықтай бағаланбауы мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz energyprom.kz-ке сілтеме жасай отырып.
“Биг Мак” индексі дегеніміз – бұл The Economist журналы өткізетін әртүрлі елдердегі баламалы “айырбас бағамын” және сатып алу қабілетінің тепе-теңдігін есептеу тәсілі.
Әр түрлі елдердегі тауарлардың бірдей қоржынының құны негізінде валюта бағамының қалыптасуына негізделген индекс 1986 жылдан бастап есептеліп келеді. Валюта бағамының үлгісі ретінде ет, нан және көкөністерден жасалатын “Биг Мак” бургерінің құны есептеледі.
The Economist “Биг Мак” индексін Қазақстан үшін есептемейді, бірақ қазақстандық сарапшылар осы индексті өздері есептеп көрген. Биылғы шілдеде «Биг Мак» елімізде 900 теңге тұрған, ол орташа есеппен 2,11 доллар.
АҚШ-та бургердің құны 5,65 долларды құрайтынын ескерсек, теңгенің шетел валютасына бағамы бір доллар үшін 159,29 теңгені құрауы тиіс еді. Сарапшылардың есептеуінше, теңге 62,6 пайызға бағаланбаған. Сондай-ақ, көптеген басқа әлемдік валюталар да бағаланбаған. Мысалы, британдық фунт – 15,9 пайызға, еуро – 11,1 пайызға, ал ресей рублі – 59,9 пайызға төмен.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *