Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Спорт

Алтынды екеуіміз де алсақ бола ма?…

11 августа, 2021
in Спорт
0
0
SHARES
81
VIEWS

Бір жыл кешігіп өткен XXXII жазғы Олимпиада ойындары өз мәресіне жетті. Бұл жолғы Олимпиада жеңістер мен рекордтардан бөлек, психологиялық кедергілерді жеңу және әр түрлі елдердің спортшылары арасындағы достығымен есте қалады.

TurkistanZaman ақпарат агенттігі әлемдік додада спортшылар мен жанкүйерлерді таң қалдырған екі достың таңғажайып оқиғасын назарларыңызға ұсынады.

ҮЗІЛГЕН ҮМІТ

Биіктікке секірудің финалында нағыз драма өрбіді. Катарлық Мутаз Баршим мен итальяндық Джанмарко Тамбери мүмкіндікті бірдей пайдаланып, екеуі 2,37 метр биіктікті бағындырды.  Екеуі де 2,39 метрді бағындыруда сәтсіздікке ұрынды…

Бұл екі спортшы бір-бірін бұрыннан білетін: Токио финалынан бес жыл бұрын Тамбери Рио олимпиадасының медаліне біртабан жақын еді.Ол өте сәтті маусым өткізіп, дүбірлі додаға 21 күн қалғанда ұлттық рекордты жаңартты. Монакода «Гаухар Лига» кезеңін жеңді. Бірақ, өз рекордын қайта жаңартпақ боп 2,41 метрге секіргенде тобығынан жарақат алған спортшының Рио олимпиадасынан үміті үзілген еді…

Жарақатынан айыққан Тамбери үлкен додаға қайта оралғанда, айтарлықтай жоғары нәтижелер көрсете алмады. Сондай сәтсіз кезеңнің бірінде ол бөлме есігін құлыптап алып жылаған екен. Сол күні катарлық Мутаз Баршим бөлмесінің есігін қағып, итальяндық ашпайынша кетпей қояды. Олар ұзақ уақыт әңгімелеседі. Джанмарко жылайды, Баршим оны жұбатып, одан жаттығуды, оған сенетіндер үшін емес, өзі үшін алға қарай ұмтылуды сұрайды.

«Сен көп еңбектендің, бұл өз нәтижесін береді»,- Тамберидің естелігі бойынша Баршим оған дәл осы сөздерді айтқан. Бұл сөздерге жігерленген ол биіктерді қайта бағындыра бастайды.

Токиодағы жеңістен соң ол гипсын ала шықты. Онда «Токио 2021-ге жол» деп жазылған еді…

 

ЕКЕУГЕ БІР АЛТЫН

Міне, жуырда ғана аяқталған дүбірлі доданың финалында екеуінің жолы қайта түйісті. Қос спортшының көрсеткіштері тең болған соң төреші оларға қосымша мүмкіндікті пайдалана алатындарын түсіндіре бастағанда…

«Алтынды екеуміз де алсақ бола ма?» — дейді Баршим төрешінің сөзін бөліп.

«Иә, егер сіздер солай шешсеңіздер…» — деп жауап береді төреші. Баршим мен Джанмарко әрі қарай сөзін аяқтатпай бірін-бірі құшақтап қуаныштан секіре бастайды…

«Мен бүкіл өмірімді осыған арнадым, тым қатты қаладым. Осылай болсыншы деп армандауды ешқашан тоқтатқан емеспін», — деді Джанмарко финалдан соң.

Ал Олимпиаданың күміс және қола медальдары бар Баршим: «Мен Олимпиада алтынынсыз зейнетке шыққым келмеді. Мен оны осы жігітпен бөліскеніме шын қуаныштымын!», — деп ағынан жарылды.

Бұл – әлем көз тіккен олимпиадада орын алған, көпшілікті сүйсінткен ерекше оқиға. Екі спортшының даңқ пен алтыннан да достықты биік бағалауына, олардың адамгершілікті биік қойғанына қуандық.

 

Tags: БаршимОлимпиада-2021Тамбери
Алдыңғы жаңалық

Израильдық инженерлер роботтандырылған омарта ойлап тапты

Келесі жаңалық

Ақмолалық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ
Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕЛКЕНДІ СПОРТ ШЕБЕРЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

10 мая, 2025
Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады
Аймақ

Түркістанда 2,5 тонна наурыз көже дайындалады

17 марта, 2025
Келесі қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала анықталды
Спорт

Келесі қысқы Азия ойындарын қабылдайтын қала анықталды

20 февраля, 2024
Түркістандық қыздар баскетболдан ел чемпионы атанды
Спорт

Түркістандық қыздар баскетболдан ел чемпионы атанды

14 ноября, 2022

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық

Ақмолалық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz