4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қоғам

Израильдық инженерлер роботтандырылған омарта ойлап тапты

Адам орнына ара ұяларын күтіп-баптайтын ақылды техника ойлап табылды,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы «Хабар24»-ке сілтеме жасай отырып.

Жасанды инттелектілі техникалар бір сәтте 2 миллион араны бақылауда ұстай алады. Машина аралардың жай-күйін тексеріп, олардың әр ерекетін назарға алып отырады. Аралардың жағдайы келеңсіздік туғызса, сол сәтте адамдарға хабар береді.

Сонымен қатар, роботтандырылған омартадағы темпаратура мен ылғалдылық деңгейі де бірқалыпты болады. Технологияның бұл жетістігі омарталарды қашықтықтан отырып басқаруға мүмкіндік береді.

Ара бағушы істейтін барлық жұмысты осы роботтандырылған машина атқара алады. Омартаны мұқият тексеріп, араларды емдейді. Ол үшін арнайы дәрі қолданады. Сонымен қатар дайын балды жинап алады. Барлық іс жоғары деңгейде орындалады. Ең бастысы, машина шаршамайды, жұмысқа шағымданып, еңбек демалысына шықпайды, – дейді жаңа технологияны шығарған компания басшысы Саар Сафра.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *