4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Қазақстан

Ақмолалық ғалымдар құрғақшылыққа төзімді бидайдың жаңа сұрпын ойлап тапты

Ақмола облысында ғалымдар құрғақшылыққа төзімді бидай сұрпын ойлап тапты,-деп хабарлайды TurkistanZaman ақпараттық порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасай отырып.

Қазіргі таңда жаһандағы ең өзекті мәселе құрғақшылық пен ауа-райының тұрақсыздығы болып отыр. Сондықтан бұрын елімізде тек астықтың сапасы мен өнімділігіне мән берген болса, қазір табиғаттың түрлі құбылысына төзімді болғаны маңызды.

Отандық ғалымдар келеңсіз жайтты ескеріп, он жылға жуық уақыт зерттелген жұмсақ және қатты бидай тұқымдарын егістік алқабына сынамаға жібермек. Онда бірнеше жыл тексерістен өткен соң, жаппай себуге ұсынылады.

Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары жаңа өнімдердің нақты сипаттамаларын әзірше құпия сақтап отыр. Бірақ, ғылыми жетістік болып саналатын екі өнім де қуаңшылыққа төзімді болатыны анық.

«Құрғақшылыққа төзімді дегенді қалай түсінуге болады? Ол жауын-шашын аз кезде де және ылғал мол жылдары да өнімділігі бірқалыпты тұқым. Бізде бұл көрсеткіш гектарына 15-18 центнер. Міне, ауа райы қалай құбылса да, біз ойлап тапқан бидай тұқымдары осы деңгейден төмендемеуі тиіс. Ғалымдарымыздың қазіргі бар мақсат-міндеті осы», – дейді астық шаруашылығы орталығының бөлім жетекшісі Ирина Ошергина.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *