5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +16°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ Большая стройка Большая стройка Большая стройка Налог на депозиты. Фейки продолжают распространяться несмотря на официальное опровержение Депозиттерге салық салынады деген ақпарат – жалған В КОСТАНАЕ ПРОШЛА ДИАЛОГОВАЯ ПЛОЩАДКА «QAZ TALKS» ПО ОСНОВНЫМ НАПРАВЛЕНИЯМ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА ҚОСТАНАЙДА «QAZ TALKS» АЛАҢЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Басты жаңалықтар

ЖОЛАУШЫЛАР ПОЙЫЗЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті №22 «Қызылорда–Семей» бағытындағы жолаушылар пойызында «Қауіпсіз жолаушы» профилактикалық акциясын өткізді.

Департамент қызметкерлері мен экономикалық тергеу қызметінің волонтерлары 500 жолаушыға интернет-алаяқтық пен дропперліктен сақтану жолдарын түсіндірді. Азаматтарға банк карталары мен жеке деректерін бөгде адамдарға бермеудің маңыздылығы жеткізілді.

Акция барысында ақпараттық брошюралар мен тақырыптық стикерлер таратылып, қатысушыларға имидждік сыйлықтар табысталды. Өнерпаздар домбыра сүйемелдеуімен ән орындап, жолаушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Іс-шара азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.

#ҚМА #АФМ #ЗаңМенТәртіп #ҚауіпсізЖолаушы

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *