5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +7°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР “ӘНШУАҚ” РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Балаларды қорғау күні қарсаңында Елордада «Әншуақ» балалар әндерінің республикалық фестивалі өтті. Ауқымды шығармашылық жобаға Түркістан облысының екі өнерпаз оқушысы қатысып, жүлдегер атанды. Атап айтқанда, Созақ ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің оқушысы – Сүйрік Құрманбек пен Қазығұрт ауданы «Қызылдала» мектебінің оқушысы – Айару Кәдірбек.
Айта кетерлігі, «Әншуақ» фестивалі Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылуда. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы қатысты. Фестиваль аясында 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар ән шырқады. Биыл 1 ақпаннан бастап әлеуметтік желілерде #Әншуақ #Әншуақ2025 хэштегтерімен 22 мыңнан астам жанды дауыста балалар әндері жарияланған. Көпшілік тыңдармандар мен қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде іріктелген 13 үздік ән гала-концерт сахнасында шырқалды. Олардың екеуі Түркістан облысының жас өнерпаздары. Жеңімпаздарға дипломдар және арнайы марапаттар табысталады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *