Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Түркістан – бірліктің бастауы» фотобайқауы өтті.
Фотобайқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, «Ассамблея жастары» РҚБ-нің Түркістан облыстық өкілдігінің мүшелері қатысты.
Татулықты ту еткен фотобайқауға Түркістан облысымен қатар Алматы қаласынан 20-ға жуық фотограф қатысып, өздерінің жұмысын ұсынды. Түсірген суреттерін байқауға онлайн арқылы жолдағандар да болды.
Шығармашылық байқау барысында қатысушылар объектив арқылы достықты, көпэтносты Қазақстанның бейбіт өмірін, мәдениеттер үндестігін көрсетті.
Салтанатты шараның ашылуында сөз алған Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейтжанов қатысушыларға алғысын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.
Байқау қорытындысында қазылар алқасының шешімімен 1-орынға Самат Мырзалиев лайық деп танылды. Ал 2-орынды Мақсат Шағырбай, 3-орынды Нуриддин Искаков иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ байқауға белсене атсалысқан қатысушыларды арнайы құттықтап, Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Бірлікке үндеген іс-шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде дәстүрге сай айрықша ықыласпен қарсы алғаны және бейресми кездесуді өткізу туралы бастама көтергені үшін Қырғыз…
Международный конкурс косплея станет частью программы Comic Con Astana 2026. Работы участников будет оценивать международное жюри, в состав которого вошли…
«Қазгидромет» синоптиктері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының алдағы жазға арналған маусымдық болжамын ұсынды. Жаз бірқалыпты ыстық болады деп күтіліп отыр.…