5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +8°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ІТ ПАРК САЛУ ЖОБАСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен ІТ парк салу бойынша кезекті рет келіссөз жүргізді. Кездесуде жобаны Түркістанда жүзеге асыру жолдары талқыланды. Өңір басшысы инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– ІТ парк салу мәселесін терең пысықтап, жан-жақты талқылаған жөн. Нақты келісімге келгеннен кейін жобаны жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді, сол арқылы өз міндеттемелерімізді жүйелеуді ұсынамын, – деген Нұралхан Көшеров инвестордың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.
Егер келіссөз жүзеге асса, құрылысы жоспарланып отырған технологиялық парк аймақтың экономикалық және индустриялық дамуы үшін айрықша серпін бермек. Жоба аясында электроника, компьютерлік жабдықтар, электр жабдықтары, оптикалық кабельдер, тұрмыстық техника шығару жоспапрланған. Электромобильдерді жөндеу мен техникалық қызмет көрсету орындарын, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станцияларын құру көзделген. Сонымен бірге жасанды интеллект игілігін көру бағытында жобалар жүзеге аспақ. Қос тарап келіссөздерді одан әрі нақтылап, зерделеуге уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *