5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЛҒАШҚЫ МОДУЛЬДІ ЛАГЕРЬ ЖАТАҚХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Балалардың жазғы сауықтыруын қауіпсіз және тиімді ұйымдастыру – басты назарда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жазғы лагерьлердің жұмыс сапасын қадағалауына алған. Биыл өңірде алғаш рет модульдік лагерь жобасы жүзеге асырылды. Жаңа бастама арқылы 5 мемлекеттік лагерьге 52 модульді жатақхана қойылып, 7500-ден астам қосымша орын ашылу жоспарлануда.
Модульді лагерьдің алғашқы корпусы “Балауса” жазғы сауықтыру лагерінде ашылды. Түркістан қаласының білім бөліміне қарасты балалардың демалыс кешені күрделі жөндеуден өткізіліп, 10 модульді жатақханасы пайдалануға берілді. Олардың әрқайсысы 20 балаға арналған жатын орынмен қамтамасыз етілген. Түгелдей жаңа жиһаздар мен төсек орындары бар. Әр баланың жеке киімдерін салатын шкафтары қарастырылған. Бөлме іші жарық, әрі заманауи үлгіде безіндірілген. Лагерьдің алғашқы ауысымына 350 бала қабылданды. Оның ішінде, 250 бала – Түркістан қаласының, 100 бала – Сауран ауданының оқушылары. Қалған балалар лагерьдің жаңартылған алдынғы корпусында тынығады. “Балауса” жазғы сауықтыру орнында 7 лекпен жалпы 2 мыңнан астам баланы қабылдау жоспарға енді.
Сондай-ақ Мақтаарал ауданындағы “Толағай” лагерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, биылғы жылдың алғашқы демалушыларын қабылдады. Жалпы әр маусымда 200-ге жуық баламен 8 маусым бойынша 1500 бала жазғы сауықтырумен қамтуды жаспарлап отыр.
Демалушы балалар 5 мезгіл тамақтанып, күндерін таңертеңгі жаттығумен бастап, спорттық-эстафеталық жарыстар, интелектуалдық сайыстар, мәдени бағдарламалар мен қатар бассейнде түрлі шынығу жаттығуларымен, жаз айларындағы демалысты көңілді өткізуде.
Айта кетейік, биыл Түркістан облысындағы қала сыртындағы сауықтыру орындарында 43 мыңнан астам бала демалады. Оқушыларға 10 мемлекеттік, 24 жекеменшік лагерь қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 300 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен арнайы экскурсиялар, танымдық шараларға қатысады.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *