4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +13°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
Глава государства принял основателя Network School Баладжи Шринивасана Юлия Кучинская: Рост городов должен сопровождаться развитием инфраструктуры Бота Елеусізова: Қазақстан жерасты суларының небәрі 3,5 пайызын пайдаланып отыр Айдос Сарым: Президент Жолдауы ел тарихының сапалы кезеңіне жол ашады Жетісу облысында Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер талқыланды Казахстан сохраняет региональное лидерство в Центральной Азии, три ведущих университета страны представлены в топ-100 рейтинга Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшылық орнын сақтап қалды: еліміздің үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді Горный туризм — больше, чем отдых. Это новые возможности для экономики Алматы!
Экономика

TITF–2025: ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМДА ҚҰНЫ 432,2 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 7 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан облысына инвестиция тарту, өңір экономикасын әртараптандыру және өндіріс саласын дамыту бағытында бірқатар жаңа жобалар қолға алынып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Осы мақсатта бүгін Түркістан қаласында халықаралық деңгейдегі ауқымды инвестициялық форум өтіп, әлемнің жетекші компанияларының және отандық кәсіпкерлердің қатысуымен өңір дамуына серпін беретін маңызды меморандумдар жасалды.

Форум «Түркістан – Қазақстанның жаңа инвестициялық циклінің драйвері» атты панельдік сессиямен жалғасты. Жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлар мен кәсіпкерлерге өңірде бизнес жүргізуге толық қолдау көрсетілетінін атап өтіп, мақұлданған жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Облыс басшысы: «Бүгінгі форум өңір дамуын көркейтіп, өндіріс саласындағы тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін іскерлік алаң. Сіздерді облысты жан-жақты дамытуға, экспорт көлемін ұлғайтуға, әсіресе өнеркәсіп саласын дамыту жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын. Бүгін бірқатар маңызды жобалар мақұлданып, жүзеге асыру жолдары зерделенуде. Алдағы уақытта аймақтың өндіріс саласы жоғары деңгейде дамиды деп сенемін», – деді.

Жиын қорытындысымен жалпы құны 432,2 млрд теңгені құрайтын 7 меморандумға қол қойылды. Олардың қатарында құны 75,3 млрд теңге болатын Қазақстан–Қытай индустриалды аймағын құру жобасы, джинс матасы өндірісі, ілмек және мата өндіру, халықаралық текстиль орталығын құру, алюкацинк қағаздарын шығару, ауыл шаруашылығы өнімдері бойынша жоба, сондай-ақ жарықтандыру жабдықтары мен күн панельдерін өндіру бағытындағы инвестициялық келісімдер бар. Бұл жобалар халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, Түркістан облысының өндірістік әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

2025–2028 жылдар аралығында облыста 111 инвестициялық жоба пулы қалыптасқан. Жобалар толық іске асқанда 23 915 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Биылдың өзінде 58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны құрылмақ. Қазіргі таңда 34 жоба іске қосылып, 4 889 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге 2024 жылдың 10 айында облыстың негізгі капиталына 1 178,4 млрд теңге инвестиция тартылды. 2025 жылға белгіленген 475 млн АҚШ доллар көлеміндегі шетелдік инвестиция тарту индикаторы II тоқсанның қорытындысымен 543,5 млн АҚШ долларына жетіп, артығымен орындалды.

Жыл басынан бері 90-нан астам шетелдік компаниямен кездесулер өткізіліп, Қытай, Иран және Өзбекстан елдеріне ресми сапарлар ұйымдастырылды. Нәтижесінде индустриалды аймақтарда белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіру, кеңселік қағаз шығару, сэндвич-панельдер мен еден жабындарын өндіру, тамшылатып суару жүйелерін енгізу, балыққа арналған құрама жем өндіру, өсімдік майын шығару сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін бұл форум халықаралық сапарлардың жалғасы ретінде өңірдің іскерлік ортасына айналып келеді. Мақұлданған жобалар Түркістан облысының экономикасын тұрақты дамытуға және өндірістік әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *