Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстарды күшейтті.
Атап айтқанда, Жетісай аудандық полиция бөлімінің Жедел басқару орталығының бейнебақылау жүйесі арқылы С. Қожанов көшесіндегі орталық саябақта екі жас жігіттің темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастағаны анықталды.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушылардың жеке басын анықтап, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндірді. Аталған факті бойынша азаматтардың әрекетіне құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданды.
Мұндай іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#законіпорядок #заңментәртіп
ТЕМЕКІ ШЕГІП, ҚАЛДЫҒЫН ЖЕРГЕ ТАСТАҒАН ЕКІ ЖАС ЖІГІТ БЕЙНЕБАҚЫЛАУ КАМЕРАСЫНА ТҮСІП ҚАЛДЫ