Еліміздің қор биржасында доллар 495 теңгеге дейін өсті

Теңгенің долларға шаққандағы бағамы 495 теңгеге жетті. Осылайша үш күннің ішінде АҚШ көкқағазы 30 теңгеге жуық қымбаттап отыр. Бүгін таңертең Ұлттық банк қор биржасымен бірлесіп сағат 15:00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты тоқтатқан болатын. Түстен кейін сауда-саттық Франкфурт аукционы форматында өтті. Қазақстан қор биржасының басқарма төрағасының орынбасары Наталья Хорошевская сауда-саттықта ешқандай дүрлігу байқалмағанын айтты. Ал Ұлттық…

Read More

Украина мен Ресей келіссөз жүргізіп жатыр

Беларусьте Украина мен Ресей ресми өкілдерінің келіссөз жүргізіліп жатыр. Соған қарамастан, Чернигов пен Сумы қалалары Ресей әскерінің қоршауында. Ал, сепаратистер Мариупольға жылжып келеді. Қазір түскен ақпарат бойынша, Харьковты жаппай бомбылау нәтижесінде, ондаған бейбіт тұрғын қаза болды. Оның ішінде балалар да бар. Беларусьтегі келіссөздерде Ресей атынан барған делегацияны Президент көмекшісі Владимир Мединский мен мемлекеттік Думаның халықаралық…

Read More

Украина-Польша шекарасынан 241 қазақстандық өтті

Соғыстың ортасында қалған 175 қазақстандық елге оралды. Украинадан Польшаға жеткізіліп, Катовице қаласынан сағат 10:30-да ұшқан алғашқы рейс Атырауға 19:20-да жетті. Жанармай құйғаннан кейін Алматыға түнгі 12:30-да қонады деп күтілуде. Екінші рейс 1 наурызға жоспарланған. Айта кетерлігі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы…

Read More

Ресей әскері Украина астанасы Киевке шабуылдап жатыр

Украиналықтардың түні тыныш өтпеді. Шекарадан ондаған шақырым ішке енген Ресей әскері ел астанасы Киевке шабуыл жасады. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрі растап отыр. Алайда, бағытталған бірнеше ракетаны қарулы күштер атып түсірген. Бұдан өзге, Троещина ауданында шамамен 6 жарылыс болыпты. Бұл Украина Астанасы Киевке жасалған алғашқы шабуылдардың бірі. Түнгі 4 шамасында жіберілген ракетаны елдің қарулы…

Read More

Украина мен Ресейдің әскери күші қандай?

Әлем елдерінің әскери күші жайлы статистиканы жинақтайтын Global Firepower сайтының деректерінен Ресей мен Украинаның әскери күші тең емесін байқауға болады. Украина мен Ресейдің әскери күші мынадай: ИНФОГРАФИКА: Украинада қатардағы әскери саны 200 мың болса, Ресейде 850 мың әскер. Қос елде де запастағы әскерилер саны бірдей 250 мың. Жартылай әскери күштер Украинада 50 мың болса, Ресейде…

Read More

Ресей басқыншылығына қарсы көптеген елдерде протест өтуде

Ресейдің Украинаға қатысты әрекетіне қарсы әлем елдерінің наразылығы күшейді. Бірнеше мемлекетте соғысқа қарсы шерулер өтіп жатыр. Германия астанасы Берлинде жүздеген адам көшеге шығып, Украинаның туын алып жүрді. Олар өзге де халықтың өз қатарына қосылып, соғысқа қарсы тұруға шақырды. Ал АҚШ-та АҚ үйдің алдына да жүздеген адам наразылық білдірді. Жұрт қолдарына «Путин соғысты тоқтат», «Украинада бейбіт…

Read More

“Болашақ” бағдарламасымен оқуға түсу жолдары жеңілдеді

«Болашақ» бағдарламасымен техникалық мамандыққа түсу үшін 5,5 балл IELTS нәтижесі жеткілікті. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Сондай-ақ ол биыл аталмыш бағдарлама бойынша 555 грант бөлінгенін, соның 60% техникалық мамандықтарға тиесілі екенін атап өтті. Министрдің хабарлауынша мұндай мүмкіндік осы салаға балалардың көбірек келуіне әсер етеді. Сонымен қатар талапкерлердің барлығына тілдік құзіреттілік бойынша…

Read More

Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды

Президенттің жарлығымен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев осы қызметке 2019 жылы ақпан айында тағайындалды. Бұған дейін алты жыл бойы министрдің орынбасары болды. Тергеу комитетінің төрағасы, сондай-ақ Алматы қаласы және Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменттерін басқарды. Ішкі істер министрі қызметіне Марат Ахметжанов тағайындалды. Ол бұған дейін…

Read More

Теңгелік депозиттерге 10 % сыйақы беріледі

Төл ақшамыздың құнсыздануына байланысты теңгелік депозиттерге 10 пайыз сыйақы қосылады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді. Бастамаға 2022 жылғы 23 ақпан күнгі жағдай бойынша бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және «Отбасы банк» акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады. 10% мөлшеріндегі сыйақы әрбір банкте 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы салымдарға 1 рет есептеледі. Одан…

Read More

Қазақстан Украинада қалған азаматтарын бүгін шығара бастады

Бүгін Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялайтын алғашқы рейс Польшадан ұшады. Қазақстан Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаевтың мәлімдеуінше эвакуациялауға 486 қазақстандық өтініш білдірген. Олар үшін жасыл дәліз әзірленіп, арнайы үш рейс ұйымдастырылуда. Бастысы – адамдардың Львовқа уақытылы жете алуы. Львовқа аттанатын алғашқы жүз адамның ішінде Air Astana президенті Питер Фостер де бар. Өкілетті елшінің мәлімдеуінше,…

Read More