Тұрғындар көшіп әлек

Түркістан облысында табиғи апаттан зардап шеккен жұрт туыстарының үйін паналауға мәжбүр. Өйткені Сарыағаш және Қазығұрт аудандарында жауынның зардабынан 41 үйге су кіріп, жарамсыз болып қалған. Қазір бұл өңірлерде арнайы құрылған комиссия шығын көлемін есептеп жатыр. Ал табиғи апаттан зардап шеккендерге қоғамдық ұйымдар көмектесуде. Табиғи апаттан Заңғар, Сарапхана, Қызылқия, Қарабау және Жіңішке ауылдары су астында қалған…

Read More

7-20-25 дауы бітер емес

Шымкентте тағы да баспана дауы. 7-20-25 мемлекеттік бағдарламасы арқылы конкурстан өткендер тұрғын үйге қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Өйткені осы мәселеге қатысты шудан кейін министрлік конкурс заңсыз өткізілгенін хабарлап, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана несиесін рәсімдеуді тоқтатқан. Ал шенеуніктердің кесірінен далада қалдық деген жұрт алғашқы жарнасы төленіп қойған пәтерлерді беруді тоқтатпауды талап етіп отыр. Бағдарлама негізінде…

Read More

Лавров сес көрсетті

Әлем үшінші дүниежүзілік, яғни, ядролық соғыстың алдында тұр. Осылай деген Ресей Сыртқы Істер Министрі Сергей Лавров Украина және Батыс елдеріне кінә артып, сес көрсетті. Лавровтың айтуынша, Украина және оның артында тұрған Батыс елдері бейбіт келіссөздердің жүруіне кедергі келтіріп жатыр. Ал, АҚШ өзінің ықпалын пайдаланып, диалог жүргізуге септігін тигізудің орнына Украинаға сансыз қару-жарақ пен әскери техника…

Read More

Мұнай танкеріне шабуыл

Норвегияда «Гринпис» ұйымының 20 белсендісі ресейлік Усть-Луга мұнай танкерін тоқтатпақшы болған. Бірақ, полиция белсенділерге кедергі келтіріп, оларды қамауға алды. Усть-Луга танкері ел астанасы Ослоға мұнай тасымалдап келе жатқан. Белсенділер, Норвегия үкіметінен Ресей мұнайын сатып алуды тоқтатуын талап етті. «Усть-Луга» кемесі Гонконгта тіркелген, бірақ, «НОВАТЭК» компаниясына тиесілі. Бірақ, норвегиялық компания бұған соғыс басталмай тұрып, шартқа отырғанын…

Read More

Нигергияда мұнай өңдеу зауыты жарылды

Нигериядағы мұнай өңдеу зауытындағы жарылыстан кемі 110 адам қаза тапты. Оқиға өткен аптада Риверс пен Имо штаттарының шекарасында болған еді. Алайда бастапқыда 80 адам мерт болды деген ақпарат тарады. Жарылыс себептері әлі анықталмады. Алайда, Нигерия Төтенше Жағдай Агенттігінің мәліметінше, зауыт заңсыз жұмыс істеген. Мемлекет басшысы Муххамаду Бухари бұл «Ұлттық трагедия» екенін айтып, жекеменшік мұнай зауыттарына…

Read More

Қарағанды облысында қалың қар жауды

Қарағанды облысында қалың қар жауды. Ауа райының бұзылуы – алдын ала хабарланған. Тұрғындар түсірген видеода үй аулаларында тұрған көліктер мен жолдарды қар басып қалғаны көрінеді. Салдарынан Алматы-Екатеринбург тас жолының Қарағанды-Балқаш бөлігінде көлік қозғалысы біраз қиындаған еді. Қазір жолдағы жағдай қалыпқа келтірілді. Синоптиктердің болжауынша, бүгін түнде де облыстың оңтүстік аумағында да қар аралас жаңбыр жауып, кей…

Read More

Дүлей дауыл салдары

Қатты дауыл Кентаудағы әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің шатырын жұлып кетті. Тіпті қалада электр бағаналары істен шығып, тұрғындар жарықсыз қалды. Одан қала берді дүлей желдің кесірінен 200-ден аса ағаш құлап, көліктерді басып қалған. Шаһардағы қазіргі ахуал туралы тілшіміз Шынар Әділханқызы тарқатсын. Дүлей дауылдың зардабын тартқан мектептің сиқы осы. Табиғаттың тосын мінезінен шатыры құлағаннан бөлек, сынып…

Read More

Мал бар, бірақ жаятын жер жоқ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылының тұрғындары халыққа шартты жер үлесін бөліп беруді сұрайды. Олардың айтуынша, “Алтынтөбе” элиталы тұқым шаруашылығы” совхозы құрылғанда жер мемлекет қажеттігіне алынған екен. Қазір енді ауыл іргесіндегі телімдер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Сүйтіп жайылымсыз қалған жұрт енді осы жерлерді шартты түрде бөліп беруді сұрайды. Мұхтар Исабаев – Қазығұрт ауданы Алтынтөбе…

Read More

Ресейге кезекті рет шүйлікті

Мейрамда ракета жіберуден тайынбайтын оңбағандар. Осылай деген Украина Президенті Владимир Зеленский Ресейге кезекті рет шүйлікті. Украина басшысы, Киев метросында отандық және шетелдік ақпарат құралдарына сұхбат берді. Соғыс аяқталғанға дейін елден кетпеймін. Баспасөз конференциясында осылай деген Владимир Зеленский біраз шетелдік журналистердің қитұрқы сұрақтарын шорт кесті. Мәселен Түркияға және Польшаға неге бармадың деген сұрақтар қойылған еді. Одан…

Read More