4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Өзекті мәселе

Мал бар, бірақ жаятын жер жоқ

Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылының тұрғындары халыққа шартты жер үлесін бөліп беруді сұрайды. Олардың айтуынша, “Алтынтөбе” элиталы тұқым шаруашылығы” совхозы құрылғанда жер мемлекет қажеттігіне алынған екен. Қазір енді ауыл іргесіндегі телімдер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Сүйтіп жайылымсыз қалған жұрт енді осы жерлерді шартты түрде бөліп беруді сұрайды.

Мұхтар Исабаев – Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылының тұрғыны:
«Біз биемізді қайда жаямыз, тастаққа жайып сүт аламыз ба? Соны шешіп беріңіздер. Жайылым барады, бидайға түсіп кетеді. Басында жүреміз, кәдімгі қой сияқты бағамыз кезегімізбен. Сонда біз қалай күн көруіміз керек. Бие жайылмаса қайдан сүт береді, сиыр жайылмаса қай жақтан сүт береді, қайдан құрт-май болады, сонда бұл халық қалай күн көреді?»

Дәл осындай мәселе Төлебиліктердің де бас ауруына айналған. 5,5 мың тұрғыны бар Қасқасу ауылында мал жаятын жер тапшы. Төңіректегі 1,5 мың гектар шұрайлы аумақ «Сайрам-Өгем» ұлттық паркінің теңгеріміне беріліп кеткен көрінеді. Қасқасулықтар ұлттық парк құрамындағы жерді ортақ пайдалануға қайтару үшін депутаттан көмек сұрады.

Қайнар Абасов – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
«Бірден бір шешу жолы бүгін ұлттық қорға өтіп кеткен 1,5 мың га жерді егер кейін қайтарылатын болса, бұл елдімекеннің жайылым мәселесі шешіледі деген уәж айтты. Оны енді тиісті құзыретті органдардың алдында көтеріп, шешу мәселесіне атсалысамыз».

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *