25-27 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде VII Халықаралық «Voice of Turan – 2026» қазақ әндері фестивалі өтеді. Қазақ әндері фестивалі – қазақ музыкасын және қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттайтын, Түркістанның тарихи-мәдени келбетін әлемге танытатын ірі мәдени жоба. Биыл фестиваль 7-ші рет ұйымдастырылмақ. Бұны Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев ОКҚ брифингінде айтты.
«Шараға 20 елдің өнерпаздары қатысады. Қатысушылар Франция, Испания, Италия, Сан-Марино, Тунис, Венесуэла, Индонезия, Ватикан, Беларусь, Болгария, Тыва, Грузия, Армения, Мексика, Марокко, Куба, Гвинея, Қарачай Республикасы, Башқұртстан және Бразилиядан келмек», – деді спикер.
Фестивальдің басты ерекшелігі – шетелдік орындаушылардың қазақ әндерін шырқауы. Жоба қазақ музыкасы мен қазақстандық авторлардың шығармаларын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған.
Фестиваль аясында 25 қыркүйек күні Түркі тілдес елдердің танымал өнерпаздарының қатысуымен «Zhibek zholy әуендері» ауқымды гала-концерті өтеді. Ал, 26 қыркүйекте ерекше кезеңдердің бірі – «Жұлдызды жұп» бағдарламасы көрермен назарына ұсынылады. Бұл күні фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, шетелдік қатысушылар Қазақстанның танымал өнер шеберлерімен бірге қазақ әндері мен заманауи хиттерді орындайды. 27 қыркүйек күні фестивальдің «Қазақ әні» кезеңі бастау алады. Қатысушылар қазақтың халық әндерін, қазақ композиторлар шығармаларын орындайды.
Туркестан примет исполнителей из 20 стран мира, которые исполнят казахские песни
С 25 по 27 сентября в туристическом комплексе «Керуен сарай» в Туркестане пройдет VII Международный фестиваль казахской песни «Voice of Turan–2026». Это крупный культурный проект, направленный на популяризацию казахской музыки и лучших произведений казахстанских авторов на международном уровне, а также знакомство мировой аудитории с историко-культурным обликом Туркестана. В этом году фестиваль состоится в седьмой раз. Об этом на пресс-конференции в СЦК сообщил заместитель акима Туркестанской области Ертай Алтаев.
«В мероприятии примут участие исполнители из 20 стран – Франции, Испании, Италии, Сан-Марино, Туниса, Венесуэлы, Индонезии, Ватикана, Беларуси, Болгарии, Тывы, Грузии, Армении, Мексики, Марокко, Кубы, Гвинеи, Карачаевской Республики, Башкортостана и Бразилии», – сообщил спикер.
Главная особенность фестиваля – исполнение казахских песен зарубежными артистами. Проект направлен на продвижение казахской музыки и произведений казахстанских авторов на международном уровне.
25 сентября в рамках фестиваля состоится масштабный гала-концерт «Zhibek zholy әуендері» с участием известных исполнителей из тюркоязычных стран. 26 сентября зрителям представят программу «Жұлдызды жұп». В этот день состоится торжественное открытие фестиваля, а зарубежные участники совместно с известными казахстанскими артистами исполнят казахские песни и современные хиты. 27 сентября пройдет этап фестиваля «Қазақ әні». Участники исполнят казахские народные песни и произведения казахстанских композиторов.