4 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +11°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Түркістан облысында полиция профилактикалық есепте тұрған тұрғындарды тексерді

Түркістан облысында полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталама қылмыстарға жол бермеу мақсатында профилактикалық есепте тұрған азаматтарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде.
Қазіргі таңда облыс аумағында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 242 тұрғын мен әкімшілік қадағалауда тұрған 157 азамат бар. Полиция қызметкерлері олардың белгіленген талаптарды сақтауын бақылау бағытында жүйелі жұмыс атқаруда.
Бақылауды күшейту мақсатында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, әкімшілік қадағалауда тұрған және сот шешімімен үйқамаққа алынған азаматтарға электрондық білезіктер тағылған. Бұл құрылғылар азаматтардың жүріп-тұруын бақылауға және сот белгілеген шектеулердің сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Полициямен жүргізілген тексерулер барысында белгіленген талаптарды бұзған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 14 адам түзеу мекемелеріне қайта жіберілді. Профилактикалық есепте тұрған азаматтарды бақылау – Түркістан облысы полицейлерінің күн тәртібінен түскен емес.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *