4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Uncategorized

​Түркістан облысында көлік нөмірін жасырып жүрген жүргізушінің айласы әшкере болды

Түркістан облысында көлігінің мемлекеттік нөмірін қолдан жасырып жүрген жүргізушінің айласы әшкереленді. Түркістан облысында полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтап, заң аясында жауапкершілікке тартты.
Қызмет атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Шымкент – Самара автожолында жылдамдық пен уақытты өлшейтін бейнебақылау жүйесінен келіп түскен бағыттама негізінде Түркістан қаласына бағыт алған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушінің көлігіне мемлекеттік тіркеу нөміріне арнайы қолдан ашылып-жабылатын тетік орнатқаны анықталды. Ол аталған құрылғының көмегімен мемлекеттік нөмірді қажет кезінде жасырып, бейнебақылау камераларына тіркелмеу және жауапкершіліктен жалтаруды көздеген. Аталған құқық бұзушылық бойынша көлік айып тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара көрілді.
Полиция ескертеді: мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға немесе оның көрінуіне кедергі келтіретін кез келген құрылғыны пайдалану – заң бұзушылық. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДО

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *