Түркістан киберкеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы күресте халықаралық прокурорлық ынтымақтастықтың жаңа деңгейін қалыптастыру алаңына айналды

11 қыркүйекте Түркістанда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымы Бас прокурорлары кеңесінің 5-отырысы өтті.

Негізгі назар цифрлық технологияларды, криптовалюталарды және онлайн-платформаларды пайдаланумен байланысты есірткі қылмысының жаңа нысандарына, бірлескен тергеу жүргізуге және қылмыстық желілерді анықтау үшін жасанды интеллектіні қолдануға аударылды.

Отырысқа Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Түркия прокуратураларының басшылары, сондай-ақ ТМҰ Бас хатшысы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің өкілі қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ саммитінде осы жылдың мамыр айында сөйлеген сөзінде түркі әлемінің бірлігін нығайту Қазақстанның аса маңызды басымдығы екенін, ал Ұйымның бірлескен бастамалары мен ортақ мүдделерді ілгерілету үшін бірегей алаң болып табылатынын атап өткен болатын.

Бұл қағидаттар прокуратура органдары деңгейінде практикалық тұрғыда жалғасын тапты.

Берік Асылов өз сөзінде қазіргі заманғы қылмыстық қауіп-қатерлердің ұлттық юрисдикциялар шеңберінен жиі шығып бара жатқанын атап өтті. Сондықтан оларға қарсы іс-қимылдың тиімділігі ақпарат алмасудың жеделдігіне, бірлескен тергеулерге және заманауи технологияларды пайдалануға тікелей байланысты.

Отырыстың негізгі тақырыптарының бірі цифрлық ортадағы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *