11 қараша 2026, сәрсенбі ⛅ Түркістан +3°C
  • USD 447,52
  • EUR 502,21
  • CNY 67,09
  • RUB 5,41
Жедел
Инициатива Главы государства по разработке Гражданского кодекса, озвученная в рамках Послания народу Казахстана, является ответственным решением. Жаңа Азаматтық кодекс қазіргі қоғамның қажеттіліктеріне сай болуы тиіс. Мобильный интернет в Казахстане оказался одним из самых выгодных среди стран с высокой скоростью связи Жауапты азамат – қуатты мемлекеттің тірегі Жүздеген техника, мыңдаған маман: Еліміздегі алып құрылыс алаңдары Еліміздегі үш ірі энергетикалық нысанның құрылысы қай кезеңде? Дешёвый и быстрый: Казахстан вошёл в число лидеров по соотношению цены и скорости мобильного интернета ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕКТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕННІҢ СУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Бәйдібек ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар су инфрақұрылымы нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен және олардың қазіргі жай-күйімен танысты.
Алдымен облыс басшысы Қазата, Таңатар, Шаян және Жамбыл елді мекендеріндегі тазарту қондырғысы мен су құбырын қайта жаңғырту жобасының жүзеге асу барысын бақылады. Аталған нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары 2025 жылы басталған. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, нысан аясында d-315 мм 46,359 шақырым полиэтилен құбырларын тарту, 15 дана су құдығын орнату және өнімділігі тәулігіне 4500 м3 болатын «ДВУ1-4500/С» су тазарту қондырғысын салу көзделген. Бүгінгі таңда 16,5 шақырым траншея қазылып, d-315 мм полиэтилен құбырлары төселді.
Облыс әкімі мердігер мекеме мен жауапты сала басшыларына құрылыс жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес жүргізуді, құрылыс сапасына баса мән беруді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар суатқарылған жұмыстарға тұрақты бақылап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу қажеттігін атап өтті.
Бұдан кейін Нұралхан Көшеров Алғабас ауылдық округіндегі «Комсомол» каналының қазіргі жағдайымен танысты. 1982 жылы пайдалануға берілген бұл каналдың жалпы ұзындығы 32,9 шақырымды құрайды. Оның 27,5 шақырымына бетон жабындысы төселген.
Каналдың жобалық суармалы жер көлемі 4 309 гектар болса, қазіргі таңда 1 200 гектар жер суарылады. Су өткізу қабілеті – 4,2 м3/сек.
Нұралхан Оралбайұлы су нысандарының мәселесін уақтылы қадағаламаған жауапты басшыларға сын-ескертпе айтты. Аудан әкімдігі мен тиісті басқарма басшысына каналдың техникалық жағдайына назар аударып, суару инфрақұрылымын жақсарту бағытында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *