Түркістан облысында суға шомылу маусымы алдында 19 арнайы шомылу орны қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталды. Сонымен қатар, өңірдегі 144 жеке жүзу бассейні мен ауылдық елді мекендерде орналасқан 441 каркасты және модульді бассейн шомылу маусымында облыс тұрғындарына қызмет көрсетті. Бұл туралы өткен баспасөз жиынында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімі инженері Фурхат Жолдасов мәлімдеді.
“Облыс аумағындағы су айдындарында қызмет атқаратын 177 құтқарушы арнайы оқытудан өтіп, адамдарды құтқару, алғашқы медициналық көмек көрсету және судағы қауіпсіздік талаптары бойынша білімін жетілдірді. Судағы қауіптің алдын алу мақсатында облыс аумағында 111 қауіпті аймақ анықталып, оларда профилактикалық жұмыстар күшейтілді. Су айдындарындағы бетон және темір құрылмаларына 400-ге жуық тыйым салу белгісі орнатылды. Жыл басынан бері 1 549 рейдтік-патрульдік іс-шара өткізілді. Рейдтер барысында қауіпсіздік талаптарын бұзған 177 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Сонымен қатар, 48 ұйыммен меморандум жасалып, балаларды жүзуге үйрету жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2 680 жасөспірім жүзуді меңгерді. Дей тұрғанмен 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста суда қаза болғандар саны 52 адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 пайызға төмен” – деді спикер.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
————
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ: БЕЗОПАСНОСТЬ НА ВОДОЕМАХ — НА ОСОБОМ КОНТРОЛЕ
В Туркестанской области перед началом купального сезона были оборудованы 19 официальных мест для купания, соответствующих требованиям безопасности. Кроме того, в течение сезона жители региона могли пользоваться 144 частными бассейнами, а также 441 каркасным и модульным бассейном, расположенными в сельских населённых пунктах. Об этом на пресс-конференции сообщил инженер отдела Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Фурхат Жолдасов.
«177 спасателей, работающих на водоёмах региона, прошли специальное обучение и повысили знания по спасению людей, оказанию первой медицинской помощи и соблюдению правил безопасности на воде. В целях предупреждения несчастных случаев определена 111 опасная зона, где усилена профилактическая работа. На бетонных и металлических конструкциях водоёмов установлено около 400 запрещающих знаков.
С начала года проведено 1 549 рейдовых и патрульных мероприятий. За нарушение требований безопасности к административной ответственности привлечены 177 граждан, на них наложены штрафы на общую сумму более 2 млн тенге.
Кроме того, с 48 организациями заключены меморандумы, в рамках которых проводилось обучение детей плаванию. В результате 2 680 подростков научились плавать.
Вместе с тем, по состоянию на 1 сентября 2026 года в области на воде погибли 52 человека. Это на 5,5% меньше, чем за аналогичный период прошлого года», — сообщил спикер.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области