Шымкент пен Түркістан облысында жазда ауа райы қандай болмақ

«Қазгидромет» синоптиктері Түркістан облысы мен Шымкент қаласының алдағы жазға арналған маусымдық болжамын ұсынды.

Жаз бірқалыпты ыстық болады деп күтіліп отыр. Алайда жоғары температура кезеңдері — +35-тен +39 °C-қа дейін, ал кей күндері термометр көрсеткіштері +45 °C-қа дейін көтеріледі деп болжанды. Жазда күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр да жауады, бірақ ұзақ уақыт бойы жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталуы мүмкін, – деп атап өтті «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Аружан Мұратова.

Алдағы күндері, наурыз айының соңына дейін еліміздің оңтүстігінде салқын ауа-райы сақталады. Түнде -5 °C-тан +11 °C-қа дейін салқын күтілуде, ал күндіз ауа температурасы +1…+13 °C-қа дейін көтеріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *