4 қараша 2026, сәрсенбі 🌧️ Түркістан +11°C
  • USD 453,26
  • EUR 506,70
  • CNY 67,93
  • RUB 5,58
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Аймақ

Лауазымды тұлғалар қарттар үйіне бөлінген 7,4 млн теңгені ұрлаған

Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалары 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды, деп хабарлайды turkistanzaman BAQ.KZ.

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел – алдын алу іс шаралары нәтижесінде «Зевакин арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» шатырын күрделі жөндеуден өткізу барысында бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактісі бойынша лауазымды тұлғаларға қатысты тергеуді бастады, – делінген агенттік хабарламасында.

Қарттар мен мүгедектер үйінің лауазымды тұлғалардың 2019 жылғы қараша мен 2020 жылғы мамыр аралығында орындаған жұмыстар актілеріне жалған мәліметтер енгізу арқылы 7,4 миллион теңге ақша қаражатын ұрлағаны анықталды.

Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *