2026 жылы қазақ халқының біртуар перзенті, ғұлама ғалым, этнограф, тарихшы, географ, ағартушы әрі саяхатшы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 191 жыл толады.
Шоқан Уәлиханов – қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарихи тұлға. Ол Орталық Азияның тарихын, географиясын, этнографиясын зерттеп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеді. Ғалымның ғылыми еңбектері мен зерттеулері бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жоғалтқан жоқ.
Шоқан Уәлихановтың өмір жолы – білімге, ғылымға және халқына қызмет етуге арналған өнегелі жол. Оның мол мұрасы – ұлттың баға жетпес рухани қазынасы.