5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ШАРДАРАДА ШОМЫЛУ МАУСЫМЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

2025 жылғы 3 маусым күні Шардара ауданында жазғы демалыс кезеңінің басталуына орай, «Nur-delux» жағажайында шомылу маусымының салтанатты ашылуы өтті. Бұл бастама аудан әкімінің қолдауымен ұйымдастырылып, тұрғындар үшін естен кетпес мерекелік шараға айналды.

Ашылу рәсімінде аудан әкімі Арман Қарсыбаев құттықтау сөз сөйлеп, шараға қатысушыларды жазғы маусымның басталуымен құттықтады. Ол өз сөзінде тұрғындардың демалысы қауіпсіз әрі мазмұнды өтуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтіп, судағы қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті.

Мерекелік шара аясында жағажай аумағында әртүрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:

Волейбол,

Футбол,

Арқан тарту,

Қошқар көтеру,

Гір тасын көтеру сынды ұлттық және спорттық бәсекелер өтті.

Сондай-ақ, отбасылар арасында ұйымдастырылған «Толағай» сайысы ерекше қызығушылық тудырып, көпшіліктің көңілінен шықты.

Кеш соңында аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздар ұжымы мерекелік концерттік бағдарлама ұсынып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Іс-шара барысында спорттық жарыстар мен отбасылық сайыстардың жеңімпаздары марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Шардара ауданы әкімдігі тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және мәдениетті демалыс үлгісін ұстануға шақырады. Жазғы шомылу маусымы баршаңызға жайлы әрі жарқын әсерлерге толы болсын!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *