5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

ШАРДАРА: 4 МАУСЫМ – РӘМІЗДЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Бүгін, 4 маусым күні, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Шардара ауданы N16 колледжінде патриоттық рухты көтеруге бағытталған ерекше флешмоб ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – Елтаңба, Ту және Әнұран сияқты мемлекеттік рәміздерге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру.

Флешмоб барысында колледж ұжымы мен студенттері көк Туымызды желбіретіп, елдің жүрегінен орын алған Мемлекеттік Әнұранды хормен орындады. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты оятуға, еліміздің тәуелсіздігін, тұтастығы мен бірлігін дәріптеуге бағытталған бұл бастама қатысушылардың жүрегінен ерекше орын алды.

Мемлекеттік рәміздер – бұл халқымыздың тарихы мен тағдырын, болашаққа деген сенімін бейнелейтін асыл құндылықтар. Ту – азаттығымыздың нышаны, Елтаңба – елдігіміздің айғағы, Әнұран – рухымыздың үні. Осы қасиетті белгілер әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатып, елге, жерге деген сүйіспеншілікті нығайтады.

Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор шаралар арқылы колледж ұжымы жас буынның бойында мемлекеттік рәміздерге деген құрметті қалыптастырып, патриоттық сана мен ұлттық бірлікті нығайтуға өз үлесін қосуда.

Мемлекеттік рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің символы. Оларды қастерлеу – әрбір қазақстандықтың азаматтық парызы!

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *