5 қараша 2026, бейсенбі ☀️ Түркістан +6°C
  • USD 452,91
  • EUR 509,43
  • CNY 67,87
  • RUB 5,53
Жедел
СОТ ӘДІЛДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТІРЕГІ ЕҢБЕКТЕГІ ӘДІЛДІК – ҚОҒАМДЫҚ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ Казахстан занял шестое место в мире по восстановлению пресных водоёмов Казахстан восстанавливает водоёмы от Арала до Каспия Жетісуда Президент Жолдауындағы міндеттер мен өңірдің өзекті мәселелері талқыланды Депутаты Курултая встречаются с жителями Карагандинской области для разъяснения Послания Цифрландыру және ЖИ: AI және білім беру Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады
Басты жаңалықтар

Саурандық түлектер бір отбасыға баспана сыйлады

Сауран ауданына қарасты Құмтүйін елді мекенінде «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» атты игі іс-шара өтті. Ауданның 2005 жылғы мектеп түлектері бірігіп, бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Қайырымды азаматтардың бұл бастамасы көпке үлгі бола білді.
Аталған шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы қатысып, игі іске ұйытқы болған азаматтарға алғыстарын жеткізді.
-Қазақ халқы «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Бүгінгі игі іс – соның айқын дәлелі. Бірлік пен жанашырлық – елдігіміздің негізгі тірегі. Сіздердей жүрегі кең, жомарт азаматтардың арқасында ауданымызда осындай сауапты істер жалғасып келеді. Бұл тек бір отбасыға берілген баспана емес, қоғамдағы ізгіліктің көрінісі, – деп атап өтті аудан басшысы.
Баспананың толық салынып, жабдықталуына белсенді атсалысқан азаматтарға аудан басшысы Алғыс хаттар табыстады.
Айта кетейік, бұл бастама 2024 жылы қолға алынып, алғашқы баспана берілсе, биыл – тағы бір отбасы қоныс тойын тойлап отыр. Жобаны жүзеге асырып жүрген азаматтар қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Your email address will not be published. Required fields are marked *