Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Аймақ
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Экономика
  • Спорт
  • Әлеумет
    • Білім
    • Денсаулық
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Saqnews.kz
Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН БАР

САРЫАҒАШТА ТӘУЛІГІНЕ 10 ТОННА СҮТ ӨНІМІН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫН БАР
saqnews.kzsaqnews.kz
13 июня, 2025
in Басты жаңалықтар
0
0
SHARES
4
VIEWS

Сарыағаш ауданының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыру бағытында жүзеге асып жатқан жобалардың бірі – Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінде орналасқан “Jemisti Food” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Аталған кәсіпорын тәулігіне 10 тонна сүт өнімін қайта өңдеуге қауқарлы. Қазіргі таңда кәсіпорында ұлттық өнімдер – сары май мен құрт өндірісі жолға қойылып, өңірлік нарықта отандық өнімге деген сұранысты қанағаттандыруға өз үлесін қосып отыр.

Аудан әкімі Арман Абдуллаев өндіріс орнына арнайы барып, кәсіпорынның тыныс-тіршілігімен танысты. Цех жұмысына жоғары баға берген аудан басшысы ұжыммен тілдесіп, сүт өнімдерін өңдеу саласындағы қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.
«Өңірлік өндіріс ошақтары – жергілікті экономиканың қозғаушы күші. Осындай кәсіпорындар арқылы біз ауыл шаруашылығын дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға және халықты сапалы, экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге жол ашамыз», – деді Арман Айдарұлы.

“Jemisti Food” ЖШС заманауи технологиялық құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Өндіріс процесінде сүт қабылдау, сүзгілеу, пастерлеу, май айыру, құрт престеу және кептіру сияқты бірнеше кезең қарастырылған. Бұл – өнім сапасының жоғары болуын қамтамасыз етіп қана қоймай, еңбек өнімділігін де арттырады.

Кәсіпорын қазіргі уақытта Қазығұрт және Сарыағаш аудандарының шаруаларынан күніне орта есеппен 4 тонна табиғи сүт жинап, оны өңдеп, дайын өнім ретінде жергілікті нарыққа шығаруда. Алдағы уақытта бұл көлемді екі есеге дейін арттыру көзделіп отыр. Серіктестік өнімдерін аудан орталығы мен көршілес өңірлердегі дүкендер мен базарларға тұрақты жеткізіп отырады. Ұлттық тағамдарды заманауи форматта ұсыну арқылы кәсіпорын жергілікті брендке айналуға ниетті.

Сонымен қатар, кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне де айрықша көңіл бөлуде. Бүгінгі таңда мұнда 7 адам тұрақты түрде жұмыс істейді. Қызметкерлердің орташа жалақысы – 180 000 теңгені құрайды. Жұмысшылар үшін қолайлы жағдай жасалған: санитарлық талаптарға сай киім, асхана және демалыс бөлмелері қарастырылған.

Кәсіпорынның алдағы жоспары – өндірістік қуатты арттырып, жаңа өнім түрлерін шығару. Атап айтқанда, қаймақ, сүзбе, айран және йогурт өндіру жобалары қолға алынбақ. Бұл бағытта кәсіпорын мемлекеттік қолдау тетіктерін, оның ішінде жеңілдетілген несиелер мен субсидияларды тиімді пайдалануды жоспарлап отыр.

Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге арналған өндіріс орындарына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Аудан әкімдігі тарапынан кәсіпкерлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, заңгерлік және кеңес беру қызметтерін көрсету, өнім өткізу нарығына жол ашу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА ЖӘНЕ КЕЛЕС: ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА ЖАҢА БЕЛЕС

Келесі жаңалық

САРЫАҒАШТА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖЕҢІМПАЗЫНА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДРОНДАР ШЫҒАРЫЛАДЫ

2 июля, 2025
ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ
Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖОҒАРЫЛАП КЕЛЕДІ

2 июля, 2025
АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЖАУАПТЫ МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2 июля, 2025
АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
Басты жаңалықтар

АӨК ЖАЛПЫ ӨНІМ ӨНДІРУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША 6 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

2 июля, 2025

ЖАҢАЛЫҚТАР ТІЗБЕГІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ WOOSONG UNIVERSITY KAZAKHSTAN ОҚУ ОРДАСЫНА 100 ГРАНТ БӨЛДІ

2 июля, 2025

ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

2 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА КӘСІПОРЫНДАР АШУ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАНДА «ҮКІЛІ ДОМБЫРА» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

1 июля, 2025

ТҮРКІСТАННЫҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН ЖАҢА НЫСАНДАРДЫҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

1 июля, 2025
Келесі жаңалық
САРЫАҒАШТА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖЕҢІМПАЗЫНА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

САРЫАҒАШТА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» ЖЕҢІМПАЗЫНА СПОРТ ЖӘНЕ ОЙЫН АЛАҢШАСЫ СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 161200, Түркістан қаласы
  • E-mail: info@saqnews.kz, 
  • www.saqnews.kz
  • Техникалық қолдау: 77025700309

Құпиялылық саясат

Басты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

ТҮРКІСТАНДА ЕЛІМІЗ ҮШІН ИМПОРТТЫ АЗАЙТЫП, ЭКСПОРТ КӨЛЕМІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

saqnews.kz
1 июля, 2025
0

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

saqnews.kz
24 июня, 2025
0

Серіктестер

  • Редакция
  • Бізбен байланыс
  • Жарнама

© 2024 saqnews.kz

Іздеу нәтижесі табылмады
View All Result
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Спорт

© 2024 saqnews.kz